Абай облысы ветеринария басқармасының 2024 жылға жұмыс жоспары
Ветеринария басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуді жоспарлауда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында «Абай облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы Ержан Барышев баяндады.
- Басқармада шаруашылық жүргізу құқығындағы 8 аудандық, 1 қалалық ведомстволық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар және олардың қарамағындағы 132 ветеринариялық пункт бар. 2024 жылға аурудың 9 түрі бойынша диагностикалық зерттеулерге және 13 түріне арналған вакцинация жұмыстарына 10 660 308 манипуляциялар жоспарланған. Бүгінде зерттеулер жоспарлы түрде жүргізілуде, сондай-ақ республикалық қордан ветеринариялық іс-шараларды іске асыруға арналған препараттарды аудандарға жеткізу жұмыстары атқарылуда, – деді Ержан Барышев.
Биылғы жылы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның талаптарын орындауға облыстық бюджеттен қаражат бөлу көзделген.
Ағымдағы жылдың басынан облыс бойынша 1 775 қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланды. Семей қаласы бойынша 640 бас, оның бір бөлігі «Четыре лапы плюс» қоғамдық қорының үй жануарларына арналған меншік панажайына және бір бөлігі жаңа иелерге берілді. Былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес заң талаптарын бұзғаны үшін 174 жағдай тіркелген. 2024 жылы 48 жағдай орын алып, үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп атап өтті басқарма басшысы.
Қорытындылай келе спикер Семей қаласында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес 2 000 үй жануарларына арналған панажай салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатқандығын айтты. Бүгінде жобаның 70% әзірленді, ол наурыз айында аяқталмақ.
Semeynews.kz