Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысың Ішкі саясат басқармасы Абай облысының Кәсіподақ орталығымен ынтымақтастық орнатты

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Абай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Меморандум жастар және гендерлік саясатты іске асыруға, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге және ақпараттық жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

Облыста барлығы 708 бастауыш кәсіподақ ұйымы болса, оның құрамында 57742 кәсіподақ мүшесі бар. «Абай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігі Абай облысы салалық кәсіподақтарының 9 филиалының жұмысын үйлестіреді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button