ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі «Semey Engineering» АҚ-на барды

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Semey Engineering» акционерлік қоғамына жұмыс сапарымен барып қайтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Семей Инжиниринг» – бронды танк техникасын күрделі жөндеу желісі бар өңірдегі жалғыз кәсіпорын. Өз тарихын Орта Азия аймағындағы жалғыз бронды жөндеу зауыты 1976 жылы 2 шілдеде бастады.

Кездесу барысында бас директор Талғат Тұрлыбаев кәсіпорынның атқарып жатқан ауқымды жобаларымен, өндірістік процестің кезеңдерімен таныстыру жүргізді. Бүгінгі таңда компания қызметінің негізгі бағыты жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізу, сондай-ақ еліміздегі күш құрылымдарының қарулануында тұрған бронды танк техникасын жаңғырту болып табылады.

«Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыс істейді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар, кәсіпорынның жұмысына сәттілік тілеймін. Әкімдік сізердің әрбір бастамаларыңызды қолдауға дайын»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button