ҚазақстанҚоғамПрезидентТОП

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Дархан Жазықбай агенттіктің былтырғы атқарған жұмысының есебі мен алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Ол мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет беріп, e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктейтін пилоттық жобаның қорытындысын таныстырды.

Соның нәтижесінде бос лауазымға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артқан.

Биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталған.

Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және басқару жүйесін бюрократиядан арылту салаларына қатысты жұмыстары туралы ақпарат берді.

Президент сервистік және адамдарға бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button