Оған 143 жұмыс берушіден 726 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге жиыны 500-ге жуық жұмыс іздеуші азамат қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оның ішінде жастар, колледж түлектері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жұмыссыздар және мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қатысты.
Сондай-ақ 30-дан астам жұмыс беруші және Семей қаласының Мансап орталығының мамандары жәрмеңкеге қатысушыларға бос жұмыс орындарымен жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 10 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Семейде 2024 жылы 2583 адамды тұрақты жұмыс орнына, 2544 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып отыр (1503 адамды қоғамдық жұмысқа, 95 адамды әлеуметтік жұмыс орнына, «Жастар практикасына» – 375 адамды, «Алғашқы жұмыс орны»- 137 , «Ұрпақтар келісімшарты» – 5, «Күміс жас» жобасы аясында – 429 адам).
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грантты 90 адамға беру жоспарлануда. Сондай-ақ 10000 тұрғынға шаққанда 100 жұмыс орны көрсеткіші бойынша 5623 жұмыс орнын құру жоспарланған. 2024 жылы жастарға арналған 2,5пайыздық шағын несие -15 адамға берілмек.
Semeynews.kz