«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы
Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асыру барысы туралы облыстың Құрылыс басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков баяндап берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай өңірінде 2025 жылға дейін 65 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Оның 15 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 40 медициналық пункт.
Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стационармен 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Қалған 64 нысанның эталондық жобаларын жобалық-сметалық құжаттамаға байланыстыру жұмыстары аяқталды.
Басты міндеттердің бірі медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелеріне қосу. Ол үшін аудан әкімдіктері жобалық-сметалық құжаттама әзірледі. Бүгінде 43 жобаның сараптамасына оң қорытынды алынды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және жіті бақылауда.
Semeynews.kz