Абай облысыҚоғамТОП
Бесқарағай ауданында көктемгі су тасқына қарсы жұмыстар жалғасуда

Бесқарағай ауданында республкалық және облыстық маңызы бар жолдарды, ауыл іші көшелерін, аулаларды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгінде аудан көлемінде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдарды себуге 10-ға жуық техника мен 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылды. Жалпы ұзындығы 240 км елді мекендердің көшелері мен аудандық маңызы бар жолдарды қардан тазаланып жатыр.
Қар тазалау жұмыстары барлық елді-мекендерде қолға алынған.
Анықтама үшін: Бесқарағай ауданында 10 ауылдық округ және 28 елді-мекен бар.
Semeynews.kz