ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов кезекті мәрте қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала басшысының қабылдауында 28 адамның өтініші қаралды. Олардың арасында Бобровка, Мұрат, Шығыс саяжай массивтерінің тұрғындары және үй кезегі, жер алу мәселесімен келген тұрғындар бар.

Нұрбол Төлегенұлы қабылдауға жазылған азаматтардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, туындаған сұрақтарын өзектілігін анықтап, сол сала бойынша нақты жауаптар берді.

Сондай-ақ, саяжай массивтерінің тұрғындарына Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дархан Сейтханов қаланың Бас жоспарының жобасын талқылау әлі де жалғасып жатқандығын, әрбір қала тұрғынын пікірі ескерілетіндігін жеткізді.

Хаттамаған енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button