Абай облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының аналар кеңесінің отырысы өтті
Семей қаласының № 40 мектебінде Абай облысы ҚХА Аналар кеңесінің, “Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі” КММ және “Абай облысының ішкі саясат басқармасы”ММ қолдауымен ұйымдастырылған отырысы офлайн және онлайн режимдерде өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кеңес барысында төраға ҚХА Аналар кеңесінің жаңа қатысушыларымен таныстырды. Сондай-ақ, Аналар кеңестерінің қызметі талқыланып, қатысушылар ұйымдастырылған іс-шаралардың толық жопары таныстырылды.
- Біздің өңірде ҚХА аналарының 61 кеңесі қызмет атқарады. Кеңеске әртүрлі мәселелермен айналысатын 600-ден астам әйел белсенді қатысады. Жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жүздеген әйелдерге әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетіліп, құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасылық әл-ауқатын жақсарту үшін консультациялар, ақпараттық науқандар өткізіледі. Сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуді де қамтамасыз етеді. Барлық оқу орнында, қаланың және облыстың әр мектебінде осы жұмысты жүргізетін аналар кеңесі жұмыс істейді, – деп атап өтті Аналар кеңесінің төраймы Айжан Қуанышбаева
Кездесу барысында отырысқа онлайн режимде қалалық және аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді нығайтудағы кеңестердің рөлін талқылауды және “Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт” жобасы шеңберінде жас ұрпаққа отбасылық құндылықтарды түсіндіруді басты назарға алды..
Жиналысқа қатысушылар белсенді түрде тәжірибе алмасып, отбасылық тәрбиені жетілдіру және қоғамдағы байланыстарды нығайту тәсілдерімен бөлісті.
Semeynews.kz