Семей

Семейде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін М. Әуезов алаңында Семей қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен қала тұрғындары қатысты.

Шарада жергілікті тауар өндірушілер өндіретін өнімдер нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатылды.

Жәрмеңкеге “ВК МКК” АҚ, “Ай – Ар” ЖШС, “Бапоси” ЖК сияқты 40-тан астам жергілікті кәсіпорындар қатысты, олар шамамен 2,5 тонна көлемінде ұн және нан-тоқаш өнімдерін, шаруа қожалықтары сүт және ашытылған сүт өнімдерін (сүт, ірімшік, айран, сүзбе), 0,5 тонна көлемінде және  100 литр қымыз ұсынды, “Тұмаркондитер” ЖШС және “Кондиз” ЖШС 2,5 тонна көлемінде кондитерлік өнімдерді (печенье, пирогтар), қаланың бал сатушылары – 1 тонна көлемінде бал, “Семейқұс” ЖШС – 18 мың дана тауарлық жұмыртқа ұсынды. “Адал-Ас” ЖШС – 2,5 тонна көлемінде ұлттық тағамдар, “Океан Рыбы” ЖШС – 0,8 тонна көлемінде балық және балық өнімдері, “Семей” ӘКК тұрақтандыру қорынан және “Қайнар Агро” ШҚ 3 тонна көлемінде көкөніс өнімдерін ұсынды. Өңірдің шаруа қожалықтары 1 тоннадан астам көлемде ет өнімдерін (жылқы еті, қой еті, сиыр еті) жәрмеңкеге ұсынды.

Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерінің осындай жәрмеңкелеріне қатысуға қызығушылық танытатындықтарын жеткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button