СемейТОП

Семейде жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтті

Бүгін Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде «From Semey» көрмесі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараны Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырды. Тауар өндірушілердің жәрмеңкесін тамашалауға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

«Биыл біз Семей қаласының дамуы мен гүлденуіне үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Өңірде осындай кәсіпорындардың болғаны қуантады, алдағы уақытта да қала игілігі үшін бірлесе жұмыс жасай береміз», – деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Тауар өндірушілер жәрмеңкесін ұйымдастырудың негізгі мақсаты-Семей қаласының экономикалық дамуына үлес қосатын жергілікті кәсіпорындарды қолдау.

”Бұрын біз өз өнімдерімізді басқа қалалардың тұтынушыларына ұсынатынбыз. Қазір біз өз қаламыздан қолдау тапқанымызға және жерлестеріміздің жергілікті тауарларға қызығушылық танытып жатқанына қуаныштымыз”, – деді жәрмеңке қатысушысы Рауза Гаврилова.

”From Semey” көрмесіне “Семей аяқ киім фабрикасы” ЖШС, “УК Юнис” ЖШС, “Бастром” ЖШС, “Терра Вита” ЖШС, “Силикат” ЖШС, “СТНС-88” ЖШС, “Daewoo Bus Kazakhstan” ЖШС, “СемАЗ” ЖШС, “Семей цемент зауыты” ЖШС, “Семей механикалық зауыты” ЖШС, “Технология Комфорта” ЖШС, “Семей Көркем” ЖШС сияқты 30-дан астам жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар қатысып, тоқыма, полиграфия, қағаз, жиһаз, пластмасса, металл, құрылыс және қаламыздың өзге де өнімдерін ұсынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button