Абай облысыҚоғамТОП

Ұлттық ұланның курсанттары әскери бөлімдерге келді

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне өндірістік тәжірибеден өту және мамандық бойынша қажетті дағдыларды алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының 4 курс курсанттары табан тіреді.

Жас офицерлер әскери академия қабырғасында алған теориялық білімдерін әскери бөлімде сәтті қолдануды жоспарлауда. Курсанттар білім ордасында меңгерген іскерліктері мен жауынгерлік дағдыларын тағылымдаман өту барысында жүзеге асырып, болашақта қызметтік-жауынгерлік міндеттерді шебер орындау үшін тәжірибе жинақтайды.

– Мен рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымында тағылымдамадан өтудемін. Менің жұмысым жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін, адамгершілік рухын, өз Отанына деген жоғары әскери тәртіп пен патриотизмді, әскери қызметке деген құрмет сезімін сақтау болып табылады. Мұның бәрі тұрақты жауынгерлік дайындық және бөлімшеге жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерді бұлжытпай орындау үшін қажет. Әскери бөлімде мен Ұлттық ұлан академиясында оқытылатын тәрбие процесінің барлық тәсілдері мен әдістерін белсенді қолданамын, – дейді 4 курс курсанты Тимур Малкар.

Ал курсант Александр Фрузенков автомобиль взводының командирі лауазымында тағылымдамадан өтеді. Оның мамандығы – жеке құрамның жоғары жауынгерлік дайындығын сақтау, сондай-ақ бөлімшеге бекітілген техника мен қару-жарақтың жай-күйін бақылау. Сонымен қатар, техникалық қамтамасыз ету маманы ретінде оның міндетіне техниканы жарамды күйде ұстау, оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жоспарлау, техниканы дұрыс пайдалану, сауатты мамандарды жүргізушілерді даярлау кіреді.

– Өндірістік практикадан өту кезінде Академия қабырғасында оқыған біліміміз маған зор пайдасын тигізері хақ. Менің Ұлттық ұлан академиясына түсуімнің басты себебі – әкемнің Ұлттық ұлан қатарында қызмет етуі. Оның жеке мысалында мен әскери қызметтің барлық артықшылықтарын сондай ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне жүктелген үлкен жауапкершілік пен маңыздылықтарын түсіндім. Жалпы, өз Отанын қызғыштай қорғаудан аса маңызды мамандық жоқ деп есептеймін, – дейді Александр Фрузенков.

Ұлттық ұлан әскери академиясының аяқталуы бойынша курсанттар лейтенант әскери атағын, әскери іс және қауіпсіздік бакалавры академиялық дәрежесін алады. Сондай-ақ, олар белгіленген үлгідегі төсбелгілерді алады және одан әрі Ұлттық ұланда және басқа да әскер тектерінде қызмет етеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button