Абай облысыҚоғамТОП

2024 жылы Абай ауданының тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға грант алады

Абай ауданында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы белсенді түрде әзірленіп отыр. Грант беру ережесіне сәйкес 3 көпбалалы, 1 аз қамтылған, 1 мүгедектігі бар жан өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Биыл 20 адамға грант беру жоспарланған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өткен жылы спорт тауарларын шығаратын цех қызметін кеңейту және әртараптандыру мақсатында 1 жеке кәсіпкер грантқа ие болды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кепілдігі арқылы 6 кәсіпкер 209 400 000 теңге несие қаражатын алып отыр.

Бұл ретте 5 адамға 400 АЕК көлеміндегі тегін грант бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру жоспары толығымен орындалды.

Айта кетсек, ауданда Абай аудандық мансап орталығымен мемлекеттік бағдарламалар бойынша облыс тұрғындарына берілетін несиелер мен гранттар бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button