
Алғашқы кездесуде Ақтауда жергілікті «Каспий» елордалық «Астана» командасын қабылдады. Аталған ойынның бірінші кезеңінде елордалық клубтан Тигран Барсегян 8, Роман Муртазаев 30-минуттарда мергендік танытты. Ал екінші кезеңде «Каспий» сапынан Талғат Ксуяпов 52, Аслан Дарабаев 60-минуттарда гол соғып, таразы басын теңестірді. Кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Осылайша елордалық клуб қатарынан екі ойында тең нәтижені қанағат тұтып отыр.
Тағы бір кездесуде Шымкентте «Ордабасы» мен Қарағандының «Шахтері» шеберлік байқасты. Бұл ойында қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ойында 0:0 есебі тіркелді.
Еске салсақ, кеше, 28 мамырда аталған турда үш матч өткізілді. «Қызылжар» мен «Тараз» кездесуінде 2:2 есебі тіркелсе, «Қайрат» өз алаңында «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңді. Ал өз алаңында Түркістанның «Тұраны» Талдықорғанның «Жетісуына» 0:2 есебімен жол берді.
Айта кетейік, бүгін тағы екі ойында «Атырау» мен «Ақжайық» (Орал), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» кездеседі.
Semey News