Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында жүргізуші әйел ЖКО салдарынан қайтыс болды.

Абай облысында әйел жүргізуші рульді басқара алмай көліктің аударылуына жол берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Алматы – Өскемен» тас жолында «BMW» автокөлігін басқарған әйел Аягөз ауылынан Семей қаласына шыққан. Рульді басқара алмай, аударылуға жол берді. Жол-көлік оқиға салдарвнан әйел жүргізуші жарақат алып, Жарма ауданы орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Жеңіл көліктің екі жолаушысы жарақат алып ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет үшін сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button