Перинаталды орталықтағы суыққа шағым туралы
Әлеуметтік желілерде жарияланған облыстық перинаталдық орталықтағы суық палатаға шағым бойынша Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы келесідей түсіндірме берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Осы оқиға бойынша Абай облысының ДСБ «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-да пациенттерді қолдау қызметі бүгін таңертең тексеру іс-шараларын жүргізді.
Перинаталдық орталықтың №1 корпусы күрделі жөңдеуге жабық, қазіргі уақытта №2 корпус жұмыс істейді. Видеодағы босанған ананың 20.02.24 жылы сағат 14:00-ге жоспарланған перинаталдық орталықтан шығуы отбасылық жағдайларға байланысты кейінге шегерілген. ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ №96/2020 бұйрығына сәйкес (босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклдік түрде толтырылады, бірақ 3 күнтізбелік күннен аспайды) босанғаннан кейінгі әйелдер орналасқан палата келесі пациенттерді қабылдау үшін өңдеуге дайындалатындықтан, босанған ана басқа палатаға ауыстырылды.
Сонымен қатар, апта бойы сақталатын Абай облысы бойынша ауа температурасының -40℃ дейін күрт төмендеуіне байланысты палатада температуралық режим +23℃ дейін төмендеді (норма +25℃). 21.02.2024 жылы таңертең палаталарда +24℃ температура тіркелді.
Палаталардағы босанған әйелдермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қажет болған жағдайда қосымша жылы көрпелер ұсынылады. Жылу шығынын азайту үшін палаталардағы пластикалық терезелерді қосымша реттеу жүргізілуде.
Semeynews.kz