Абай облысыҚоғамТОП

Ақсуат ауданында су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда Ақсуат ауданында халықтың сумен қамтылуы 99,6 пайызды құрайды, – деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2023 жылы Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Көктүбек ауылында, Ойшілік ауылдық округіне қарасты Танамырза ауылында, Көкжыра ауылдық округіне қарасты Серіктес ауылында су құбыры желілерін салу жұмыстары аяқталды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған үш ауылда орталықтандырылған суға қол жеткізген тұрғындардың жалпы саны 908 адамды құрады.

Сонымен қатар, 2024 жылы Ақсуат ауылында (ұзындығы 22,8 шақырым), Қызылжұлдыз, Қожакелді, Сұлутал ауылында кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button