ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі қаланың Бас жоспары бойынша саяжай тұрғындарын қабылдады

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Семей қаласының әкімдігі Семей қаласының жаңа Бас жоспарын әзірлеуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қабылдауына келген Бобровка, Мұрат, Шығыс саяжай массивтерінің тұрғындары Бас жоспарда саяжайлардың көрсетілмегендігі туралы сұрақтарын көтерді.

Қала басшысы өз кезегінде саяжай тұрғындарына Бас жоспардың сызбасын көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Бұл көрмені ұйымдастырудың мақсаты – қала тұрғындарын Бас жоспардың жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабардар ету, ұсыныстар мен ескертулер жинау болып табылады. Көрмеге келушілерден және қоғамдық талқылаулардан бір ай ішінде келіп түскен ұсыныстар хаттамаларда көрсетіледі және одан әрі жобалаушылар пысықтайды, заңнамада белгіленген нормативтерге сәйкес қаралады. Саяжай тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ», – деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2024 жылғы 16 ақпаннан 15 наурызға дейін Абай атындағы кітапхана ғимаратында танысуға болады. Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 86.

“Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Семей қаласының тұрғындарын Семей қаласының Бас жоспарының жобасымен танысуға және қоғамдық талқылауға шақырамыз.

Ғимаратқа кіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button