Абай облысыҚоғамТОП

Жарма ауданы Шуақ қалашығында бір қазандық тоқтады

2024 жылғы 20 ақпанда таңертең «Шуақ» жылу орталығындағы №1 қазандық тоқтады (себебі: экрандық құбырлардың жарылуы). Осыған байланысты № 2 резервтік қазандық іске қосылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауа райының температурасы (-30°С) ескеріле отырып, жылу желісіндегі судың температурсын біртіндеп жоғарылату қолға алынды. Сонымен қатар, тұтынушылар мен жылу құбырлары тексерілді.

Қазіргі уақытта қазандықтың жұмысын қадағалау мақсатында Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Серік Төленбергенов Шуақ қалашығына арнайы барып, жағдайды бақылауда ұстауда. Қазандықтың жұмысы тоқтатылған жоқ.

Айта кетейік, Жарма ауданы Шуақ қалашығында орталықтандырылған жылумен жабдықтауды «Жарма Су» КМК қазандығы қамтамасыз етеді. Оның тұтынушылары 283 абонент: 8 көппәтерлі тұрғын үй, фельдшерлік-акушерлік пункт, балабақша, мектеп және ОВ-156/21 колониясы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button