ҚоғамСемейТОП

Семей қаласындағы стартаптарды қолдайтын бизнес-инкубатор жобасы наурыз айында басталады

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нұржан Есенжолов “Семей қаласындағы стартаптарды қолдайтын бизнес-инкубатор жобасы” туралы ақпарат берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жоба жас кәсіпкерлердің қызметінің дамуына қолайлы жағдай жасап, проблемаларды бірлесіп шешу, дамыту және кәсіпкер болуға ынталы жастарды қолдау мақсатында құрылған.

Сонымен қатар, бөлім басшысы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы жайлы да атап өтті.

  • Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға дәнекерлеушілер, тігіншілер, аспаздар, кран машинисі және басқа да мамандықтардың 22 адамы жіберілді. 2023 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша NEET санатында 1 313 жас тіркелді, – деді Нұржан Есенжолов.

Бизнес-инкубатор жобасына 35 жасқа дейінгі кез-келген жастардың қатысуға мүмкіндігі бар. Ең бастысы жастардың идеясы және оны ұсынуы екендігін жеткізді қалалық мәслихат депутаты Мадина Еділбекова.

  • Бізде көптеген кәсіпкерлер мен стартаперлер бар. Бірақ олардың көпшілігі, әсіресе жастар, кімге жүгіну керектігін және жоспар құруды білмейді. Ақпараттық технологиялар ғасырында біз уақытпен бірге жүруіміз керек. Семей әкімінің қолдауымен біз бағдарламаны стартаперлермен бірлесіп ұйымдастырдық. Мысалы: көптеген қыздар үйде нан пісірумен айналысады, бірақ оны бизнеске қалай айналдыруға болатынын білмейді, көмек сұрайтын жерлерін де білмейді. Міне, осы жастарға, яғни ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге көмектесеміз. – деп атап өтті Мадина Еділбекова.

Сондай-ақ, депутат қала әкімшілігі жастарды қарсы алуға және онымен жұмысты барынша тиімді етуге дайын екенін айтты.

  • Біз жұмыс істеуге ынталы, өз ісін дамытуға, үлкен пайда табуға ұмтылатын жастарды қолдауға дайынбыз. Бұл біздің жастарымыз үшін жақсы бастама деп ойлаймын, – деп қорытындылады Мадина Еділбекова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button