
Korea Hydro & Nuclear Power Co. мемлекеттік компаниясының деректеріне сай, өрт Сеулдің оңтүстік-шығысына қарай 400 шақырымда орналасқан Ульсандағы Shin-Kori 4 реакторында тұтанған.
Оның дерегінше, тілсіз жау бір сағаттан кейін ауыздықталды, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, радиацияның жылыстануы болмады.
Ядролық қауіпсіздік бойынша комиссия зерттеуді бастады. Оның барысында өрттің нақты себептерін анықтау мақсат етіліп отыр. Комиссия мәліметтеріне сай, АЭС аумағында радиацияның көтерілуі тіркелмеген.
1,4 МВт күші бар «Сингори-4» 2019 жылы қолданысқа берілген.
Semey News