ҚоғамСемейТОП

«Айдана» балабақшасы ғимаратының 2-қабатындағы өртке қатысты

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемені қалпына келтіру және штаттық режимде жұмыс істеу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді: өрт учаскесін тазалау, жабық үй-жайлардың ауасын өлшеу жұмыстары, орын алған жағдай бойынша ата-аналарды ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.

Қаладағы басқа мектепке дейінгі мекемелерде балаларды уақытша орналастыру бойынша тәрбиеленушілер тізімі анықталды.

Дүйсенбіден бастап балалар тәрбиешілерімен қоса жақын маңдағы мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылады.

Ата-аналар үшін жедел желі жұмысы ұйымдастырылды: 87779950567, 87083412817.

Анықтама үшін: Қазіргі уақытта балабақшаға баратын балалар саны – 336. Барлығы 12 топ бар: оның ішінде қазақ тілінде -7, орыс тілінде-5 топ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button