СемейТОП

Семей қаласының жаңа Бас жоспары әзірленуде

Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Семей қаласының әкімдігі Семей қаласының жаңа Бас жоспарын әзірлеуде.

“Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Семей қаласының тұрғындарын Семей қаласының Бас жоспарының жобасымен танысуға және қоғамдық талқылауға шақырамыз.
Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2024 жылғы 16 ақпаннан 15 наурызға дейін Абай атындағы кітапхана ғимаратында танысуға болады.

Мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 86.
Ғимаратқа кіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.
Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді электрондық поштаға жіберуге болады: smgp@astanagenplan.org.kz.

Осы айдарда

Back to top button