Семей

Тұрақтандыру қорының тауарлары ӘКК-нің 12 сауда павильонында сатылуда

«Семей» ӘКК» АҚ азық-түлік өндірушілерімен 5 944,6 тонна өнімге 1,3 млрд теңгеге форвардтық келісімдер жасады.

Халыққа сатылған өнімдердің ішінде түйіршіктелген қант, күріш, күнбағыс майы, қарақұмық бар.

Сонымен қатар, күзгі егін жинау науқанына «Агрофирма «Приречное» ЖШС-мен жеміс-жидек пен картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз жеткізуге форвардтық келісім жасалды.

Тұрақтандыру қорының тауарлары қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан ӘКК-нің 12 сауда павильонында (Қарағайлы ықшамауданы, Энергетик шағын ауданы, Әуезов даңғылы, Юности к-сі, Восточный ауылы, 342 квартал, 1 шағын аудан, Кирпичный ауданы, Дальный ауданы, Би Боранбай көшесі, 14 шағын ауданы), сондай-ақ үй маңындағы 30 дүкенде және қаладағы ірі сауда супермаркеттерінде «әлеуметтік бұрыштар» арқылы (Апрель, Адал – 8 дүкені) халыққа тұрақтандыру қорының тауарлары сатылуда.

Сонымен қатар, сауданы қамтуды арттыру мақсатында қала бойынша бөлшек сауда павильондарын орналастыру үшін 20-ға жуық қосымша учаскелер дайындалып жатыр.

Тұрақты негізде облыстың қала және аудан орталықтары: Курчатов қаласы және Абай, Бородулиха, Бесқарағай, Көкпекті, Ақсуат аудандарының тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткізіліп отыр.

Ескерту: сатушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15%-дейін үстеме баға қоса алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button