Абай облысында әйел адам көміртегі тотығымен уланып қалды
Бөкенші ауылында 58 жастағы әйел адам адам көміртегі тотығымен уланып қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін “101” пультіне Семей қаласы Жиеналы ауылдық округінің Бөкенші ауылында 1966 жылы туған әйел адам көміртегі тотығымен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиғаға қатысты ақпарат жинау барысында от жағылатын пешті пайдалану ережелерін бұзу себебінен жеке тұрғын үйде көміртегі тотығына улану фактісі орын алғаны анықталды.
Уланған әйел адам Семей қаласының емхананың токсикология бөліміне орташа дәрежедегі көміртегі тотығына улану диагнозымен жатқызылды.
Абай облысының ТЖД жеке меншік үй иелеріне от жағу пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Semeynews.kz