ҚазақстанҚоғамТОП

Қазақстанның Ұлттық музейі Франция мен Италияда көрме өткізеді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық мәдениетті шетелде насихаттау бойынша қандай іс-шаралар өтетінін айтып берді.

«Ұлттық мәдениетті шетелде насихаттау мәселесінде ҚР Сыртқы істер министрлігімен тығыз қарым-қатынастамыз. Мәселен, биыл Ұлттық музейге 10 жыл. Осы мерейлі датаға орай 2024-2026 жылдары Франциядағы «Гиме» шығыс өнері музейінде және Италиядағы «Биеналле» музейінде ұлттық тарихи-мәдени мұралар көрмесін өткізу мәселесі қарастырылуда», – деді А.Балаева Қазмедиа орталығында министрліктің алқа отырысында.

Сонымен бірге, биыл әйгілі қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы атап өтіледі. Соған байланысты Ресейде арнайы көрме өткізу жоспарланып отыр.

«Одан бөлек, Тәжікстан мен Түрікменстанда Қазақстанның мәдениет күндері аясында «Қазақстан киносының күндері», суретшілердің көрмелері және басқа да іс-шаралар өтеді», – деді А.Балаева.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button