Абай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді
Облыстың аудан мен қалаларында су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер күшейтілген редимге келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мысалы, Бесқарағай ауданында:
Аудан көлемінбе қапшықтар қоры 4500 дананы құрайды. Бүгінде 1068 қапшық инертті материалдар дайындалды. Ауылдық округтер аумағында карьерлер бар. 17500 литр мөлшерінде ЖЖМ қоры бар, оның ішінде: 13560 литр дизель отыны және 3940 литр АИ-92 маркалы бензин.
17 мотопомпалар, 40-тан астам техника бар. Су басу жағдайларына арналған 12 эвакуациялық пункт бекітілді. Бесқарағай колледжіндегі эвакуациялық пункт 40 орынға, ауданының 20 мектебінде уақытша орналастыру пункттері (УОП) орналасқан.
Жарма ауданында:
2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында Бірлік ауылдық округінің әкімдігі еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылдады. Арықтар қазылып, ауылдың кіреберіс жолына су құбыры орнатылып, екі жағынан да дамба жасау жұмыстары жүргізілді. Қалбатау ауылының орталығында су тасқынының алдын алу үшін Шар өзенінің Ханым өзеніне қосылатын жеріне арықтар қазылды. Бұдан бөлек, Шар қаласының әкімдігі Темірханов пен Бекешев көшелерінің бойында Шар өзенінің жағасын бекітті.
Су тасқыны кезеңіне арналған 23 эвакуациялық пункт бекітілді. Қажет болған жағдайда қосымша 5 уақытша орналастыру пункті іске қосылады.
Ауданда 21 мотопомпа бар (ЖАО 16, ТЖБ 5). Сонымен қатар, 1700 дана қап бар, қосымша 4464 дана қап сатып алуға «Зере» ЖК келісім шарт жасалған.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.
Еске салайа кетейік, бұған дейін Үржан ауданының дайындық жұмыстарын хабарлаған болатынбыз.
Semeynews.kz