Абай облысыДенсаулықҚоғамТОП
Абай облысында вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Абай облысының өңірлік коммуникациядар қызметі алаңында « Ауа-тамшы жолдары арқылы таралатын аурулар (ЖРВИ, тұмау, КВИ, қызылша, көкжөтел) бойынша эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысында вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаев баяндады.
- Бүгінде облыс аумағында вирусты жұқпалар, атап айтқанда ЖРВИ, тұмау, КВИ , қызылша және көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. ЖРВИ және тұмау аурулары бойынша былтырғы және биылғы жылды қосқанда барлығы 38305 жағдай тіркелген. Оның 21895 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында, яғни сырқаттанушылықтың 57,1% құрайды. Биыл өткен эпидмаусыммен салыстырғанда сырқаттанушылық 4,1 % артқан,- деді спикер.
Абай облысында 2024 жылы КВИ жағдайлары тіркелмеген.
- Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста қызылшаның расталған 217 жағдайы қарастырылған. Ағымдағы жылмен салыстырғанда 225 зертханалық расталған жағдайға көбейген. 2023 жылдың 6 қарашасынан бері қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Барлық иммундауға жататын 40000 адамның 89,6 % егілді,- деп атап өтті департамент басшысы.
Спикердің айтуынша жыл басынан бері көкжөтелге күдікті 13 жағдай тіркелген. Оның ішінде 2 жағдай ИФА әдісімен расталып, 4 жағдай алынып тасталған және 7 жағдай лабораториялық жұмыс үстінде.
- Вирустан сақтанудың бірнеше шаралары қарастырлған. Олардың ең тиімдісі – вакцинация. Егер профилактикалық екпелерді өткізіп алған болсаңыздар, есесін толтырушы екпе жүргізу аясында, қызылша мен көкжөтел ғана емес, басқа да барлық екпелерді толықтай алуға болады және жүргізіліп жатқан қосымша жаппай иммундау аясында қызылшаға қарсы екпені балалар мен жасөспірімдерге де алуға шақырамыз. Сонымен қатар, әуежайлар, теміржол вокзалдары, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер сияқты қоғамдық орындарға қатысты және де маскаларды қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолдануды ұсынамыз,- деп қорытындылады Нұржан Ноғайбаев.
Semeynews.kz