Абай облысыБілімҚоғамТОП

Студенттер АКТ саласында оқудан және сертификаттаудан өте алады

Huawei Technologies компаниясы мен Alikhan Bokeikhan University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Университет бұған дейін Huawei ICT Academy серіктестік бағдарламасына ұсынылған болатын. Abai IT-Valley КММ-нің үш оқытушысы мен қызметкері Huawei сертификаттау бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр.

Меморандумның мақсаты – көпжақты ғылыми-зерттеу және академиялық серіктестік үшін жағдай жасау, цифрлық теңсіздікті жою үшін білім саласына цифрлық инновацияларды енгізу және қоғамның цифрлық сауаттылығы мен дағдыларын дамытуға ықпал ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының қазақстандық экожүйесін құру.

Осылайша, студенттер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында оқыту мен сертификаттаудан өтіп, білім сайыстарына қатысып, жұмысқа орналасуға көмек алады. Ұстаздар Huawei ұйымдастырған біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік бар.

Huawei өкілдері облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен де кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастықтың түрлі аспектілері талқыланды.

Айта кетейік, Huawei 1987 жылы құрылған және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инфрақұрылымы мен смарт құрылғылардың жетекші жаһандық жеткізушісі болып табылады. Компанияның 170-тен астам елдер мен аймақтарда шамамен 207 000 қызметкері бар және дүние жүзінде 3 миллиардтан астам адамға қызмет көрсетеді.

Тасымалдаушы желіні дамытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар стратегиясын жүзеге асыруға назар аудара отырып, Huawei шекарасыз коммуникациялар әлемін құру үшін маңызды технологиялар, архитектура жасауға, стандарттарды және өнімді әзірлеуге инвестициялауды жалғастыруда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button