Абай облысыҚоғамТОП

«Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті

Кітаптар топтамасы жобасын құру Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал етуге, туған өлкемізден шыққан ұлы тұлғаларымыз бен ақын-жазушыларымыздың туындыларын қайта жаңғыртып шығаруға, тұлғаларымыздың атын әйгілеуге, көркем әдебиет арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

Жаңадан ірге көтерген Абай облысының ұзақ мерзімді кешенді даму жоспарының ауқымды ісіне жататын – бес жылға (2023-2027) арналған «Абай жолы» жобасы жазушылар мен ақындардың және өнер адамдарының әртүрлі жанр мен тақырыпты біріктірген туындыларын құрайды.

«Абай жолының» тұсаукесері – дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімділігі ұштасқан кітап шарасының жаңа форматы. Оның концепциясы ашықтық, мультимедиялық, әдебиетке негізделген өнер синтезі принциптерінен тұрады.

«Абай жолы» кітапханасы жобасы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жарық көріп отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button