Абай облысыТОП

Облыс әкімі тұрғындардың өтінішіне сәйкес жатақхананың жағдайын тексерді

Абай облысының әкімі тұрғындардан келіп түскен өтініштерге сәйкес Уральская көшесі, 3 үй мекенжайында орналасқан жатақханаға барды. Нұрлан Ұранхаев тұрғын үйдің жай-күйімен танысып, тұрғындардың жөндеу, санитария, коммуналдық қызметтер және МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) басқару нысанына көшуге қатысты ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар, тұрғындар жақын маңдағы көшелерді асфальттау қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Биылғы жоспарда осы жатақхана аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.

Арнайы аралау барысында ПД, СЭС, Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, учаскелік инспекторлар, Семей қаласының басшылығы қатысты. Нұрлан Ұранхаев тиісті органдарға мұқият тексеру жүргізуді және анықталған мәселелерді жою үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button