
28 мамырда Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, 72 нысан тексерілді. Рейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдында өткен рейд барысында анықталған бұзушылық бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасымен сомасы 43 755 теңгеге 1 айыппұл салынды.
Курчатов қаласында 29 кәсіпкерлік нысанына тексеру жүргізілді, бұзышылықтар анықталған жоқ.
Зайсан ауданында 11 рейд жүргізілді, 92 кәсіпкерлік нысаны қамтылды. Бұзушылықтар жоқ.
Рейдттік шаралар Абай, Бесқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News.