Абай облысыҚоғамТОП

Құрметті Абай облысының тұрғындарымен қонақтары!

“Қазгидромет” РМК ақпараты бойынша , 09 ақпанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар жауады. 10 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ, бұл күндері облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с немесе одан да көп болады деп күтілуде.

Ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда боран мен желдің күшейуіне байланысты Абай облысы ТЖД ұсынады:

Облыстың барлық тұрғындарына, жел күшейгенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қажет емес жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.

Ауа-райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыс шектеулерін, ТЖД ресми сайтынан және де бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалаңыздар.

Егер сіз үйде болсаңыз:

– балкондар мен терезе төсеніштерінен ауа ағынымен ұсталуы мүмкін заттарды алып тастаңыз;

– мүмкін электр қуатын өшіруге дайындалыңыз;

– терезелерді, есіктерді, шатыр люктерін және желдеткіштерді мықтап жабыңыз;

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» немесе «101» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button