Абай облысыҚоғамМӘМСМереке

9 ақпан – тіс дәрігері күні.

Бұл күн тарихының біздің елге маңыздылығы шамалы болғанымен, тіс күтімі әрқашан өзекті болмақ.Көптеген жылдар бойы денсаулығыңызды сақтау үшін тіс дәрігеріне үнемі барып тұруды және ауыз қуысының гигиенасын сақтауды ұмытпаған жөн.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге стоматологиялық көмек жоспарлы түрде көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда тағы тоғыз санаттағы азаматтар шұғыл стоматологиялық көмек ала алады:
• 18 жасқа дейінгі балалар;
• Жүкті әйелдер;
• Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар;
• I, II, III топтағы мүгедектер;
• «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапатталған көпбалалы аналар;
• Ааулы әлеуметтік көмек алушылар;
• Жасы бойынша зейнеткерлер;
• Жұқпалы және әлеуметтік аурулары бар науқастар;
• Ерекше қажеттіліктері бар баланы немесе бала кезінен I топтағы мүгедекті бағып отырған жұмыссыз қазақстандықтар.

«ӘМСҚ» КеАҚ филиалы барлық тіс дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button