Бесқарағай ауданының әкімі Канонерка ауылына барды
Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов жұмыс кестесіне сәйкес Канонерка ауылдық округіне барып, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Аудан әкімі Канонерка ауылындағы әлеуметтік маңызы бар мекемелерді аралап, бүгінгі жай-күйімен танысты. Сонымен қатар ауыл көшелерін аралап, қар тазалау жұмыстарының сапасын тексерді.
Сондай-ақ, Канонерка ауылының 2024 жылға арналған абаттандыру жұмыстарының жоспарымен танысып, айтылған ұсыныстарға сәйкес өзгерістер енгізіп, толықтыруды тапсырды.
Жалпы биыл Канонерка ауылында төрт жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Олар: ауылдық клубтың ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, WORKOUT алаңы мен шағын футбол алаңын орнату жұмыстары. Қазіргі уақытта жобалар бойынша құжаттар облыстық басқармаларға жолданды.
Semeynews.kz