Абай облысыҚоғамТОП

Абай ауданының шаруа қожалықтары электр желісіне қосылды

Абай ауданында бірнеше шаруа қожалықтары электр желісіне қосылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Архат ауылдық округіне қарасты «Амангелді» ШҚ «Жәнібек» қыстағы, «Нұрбол» ШҚ «Қопа» қыстағы, «Жиеншора» ШҚ «Шоқпартас» қыстағы, «Қабанбай» ШҚ «Ақбастау» қыстағы, «Сертек» ШҚ «Сертек» қыстағы, «Тоқа» ШҚ «Тоқа» қыстағы ВЛ-10 В Л-1 ПС-35/10 кВ Жаңанұр электр желісіне қосу нысанының құрылыс жұмыстары аяқталды.

Нысанды электр желісіне қосу жұмыстары жүруде. Мердігер «Магнитон» ЖШС ұйымы.

Тоқтамыс ауылдық округіндегі 2 шаруа қожалығына электр желісін қосу нысанының құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «AGM Servise» ЖШС ұйымы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button