ҚазақстанҚоғамТОП

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия беру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары (ҚҰБ) «Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ҚҰБ тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалар, мысалы, банктік емес айырбастау пункттер жүзеге асырады.

Бірақ оларға бірқатар талаптар қойылады, атап айтқанда құрылтайшыларға (мысалы, олар өздерінің жарғылық капитал салымдарының шығу көздерін ашуға міндетті), сондай-ақ ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталды қалыптастырудың мөлшері мен тәртібіне. Айырбастау пункті үй-жайына, жабдықтарына және қызметкерлерге қойылатын талаптар бар.

Валюта айырбастау лицензиясын және лицензияға қосымшаны алу үшін ҰБК басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен бекітілген ҚР-да қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында көзделген құжаттарды электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жіберу қажет.

Шетел валютасын сатып алу-сатуға лицензия алуға жүгінгенге дейін Астана қаласында, Республикалық маңызы бар қалаларда, облыстардың әкімшілік орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін – 100 миллион теңгені құрайтын және өзге орналасқан жері бар әрбір айырбастау пункті үшін – 50 миллион теңгені құрайтын ең төменгі жарғылық капиталды қалыптастыру қажет, сондай-ақ заңды тұлғаның басшысы мінсіз іскерлік беделге ие болуы тиіс. Уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашқан жағдайда оның жарғылық капиталы ұлғайтылуы тиіс. Лицензия алуға жүгінген кезде заңды тұлға лицензиялық алымды төлейді, ол 40 АЕК құрайды.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия заңды тұлға барлық қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде беріледі.

Сондай-ақ, ҚҰБ Абай облысындағы филиалы 2023 жылғы 10 желтоқсаннан бастап «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 72 қаулысы қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.

Туындаған сұрақтар бойынша ҚҰБ Абай облысындағы филиалына Семей қ., Шәкәрім даңғылы, 20б мекен-жай бойынша немесе телефон арқылы: 8 (7222) 600-888 (ішкі 2782) жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін хабарласқан жөн.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button