
Ағымдағы жылдың 05-06 ақпанына қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко 65 көшесінде орналасқан “Ақшың” сауда үйінде өрт шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 02 сағат 29 минутта өрт орнына келген өрт сөндірушілер эскалатор ауданындағы бірінші қабатта бутиктер жанып, 2 қабаттағы үй-жайларға таратылғанын анықтады.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталуда.
Өртті жоюға жеке құрамның 196 адамы және 36 техника жұмылдырылды.
Semeynews.kz