Абай облысыҚоғамОқиғаТОП
Абай облысында жеңіл көлік аударылды
Абай облысында жүргізуші көлікті басқара алмай, аударылуға жол берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 3 ақпанда сағат 17:30-да Алматы-Өскемен автожолының 949 шақырымында Жарма ауданы Қалбатау ауылы бағытында “BMW” жүргізушісі артқы сол жақ доңғалақтың тесілуіне байланысты көлікті басқара алмай, көлік құралының аударылуына жол берді.
Апат салдарынан 32 жастағы жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады!
Semeynews.kz