Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Бесқарағай ауданының 2 отбасыға жаңа үйлердің кілттері табысталды

Бесқарағай ауданы Беген ауылында 2 отбасы қоныс тойын тойлады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жалпы Бесқарағай ауданында соңғы жылдары 142 пәтерлердің кілттері көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтар санатындағы тұрғындарға табысталды.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілген баспана Беген ауылының орталығында орналасқан.

Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Алмас Тәнібекұлы Тастенбеков мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тұрған 2 бақытты отбасыға жаңа салынған үйдің кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.

«Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі-халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бүгін біз көпбалалы отбасыларды жаңа баспанаға қоныстандырып, қуаныштарымен бөлісудеміз. Сіздерге амандық, жайлылық пен жақсылық тілеймін. Қоныс тойы құтты болсын! – деп аудан әкімінің орынбасары жаңа қоныстанушылардың қуанышымен бөлісті.

Шара соңында аудан әкімі Талғат Батырұлы Мұратов атынан шашу шашылып, сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, Беген ауылдық округінің “Аналар кеңесінің” төрайымы Самал Абдрахманқызы Амрина, ауыл ақсақалдары келіп шашу шашып, ақ баталарын берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button