Абай облысыБілімҚоғамТОП

Абай облысының оқушылары “Зерде” байқауында жүлдегер атанды

2-7 сынып оқушылары арасындағы ХІХ “Зерде” республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының байқауы қорытындыланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биыл 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасындағы ХІХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жарысы өтті.

Конкурс қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер секциялары бойынша өткізілді.

Байқауда ең үздік атану үшін елімізден 366 қатысушы бәсекеге түсті. Абай облысынан 21 оқушы қатысып, 16 –ы жеңімпаз атанды. 4 оқушы І орын, 2 оқушы ІІ орын, 10 оқушы ІІІ орын иеленіп, 2 оқушы грамотамен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Барлық оқушыға қатысушы сертификаттары мен естелік сыйлықтар беріледі.

Айта кетейік, «Зерде» байқауы жылда өткізіледі. Конкурстың басты мақсаты – балалардың зерттеу қызметі дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының зияткерлік – шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button