Абай облысыҚоғамТОП

Семейлік сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімінің 1-2024 жылғы шақырылым жас сарбаздарына қару табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әскери оркестр сүйемелдеуінде жауынгерлік ту ортаға шығарылған арнайы іс-шарада 194 сарбаз қару алды. Айтулы шараға әскери бөлім офицері, әскери бөлім ардагерлері сондай-ақ өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.

  • Күні кеше семсер сүйіп серт беріп, ант қабылдадық. Бұл күн мен үшін мерейлі және жауапты сәт. Өйткені, қолымызға жауынгерлік қару алып тұрмыз. Өзімді құдды шайқасқа дайын бес қаруы сай батырдай сезінемін. Енді мен Ұлттық ұлан қатарында азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етіп, ел тыныштығын күзетуде жан аямай қызмет етуге дайынмын, – дейді 5511 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Расул Мұратов.

Енді сарбаздар өздеріне тапсырылған қаруға бір жыл бойы жауапты болады. Отан алдындағы борышын адал атқаруға ант берген жауынгерлер Алматы, Қостанай, Түркістан, Павлодар және ШҚО облыстарынан әскерге шақыртылған. Алдағы уақытта мерзімді әскери қызметшілер Семей қаласындағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап сондай-ақ қылмыстық атқару жүйелерін күзету қызметін атқаратын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button