Абай облысыҚоғамТОП

Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталды

1 наурыздан бастап облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елорда үшін өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады. Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында іріктеу мерзімі, жас шектеуі және конкурс кезеңдері мен қажетті құжаттар жайлы ақпаратпен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Дәулетқалиев бөлісті.

  • Өңірлік кадр резервін іріктеудің басты мақсаты – аймақтарды жан-жақты дамыту үшін мемлекеттік қызметке тың ойлайтын көшбасшылар мен дарынды жастарды тарту. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі , жоғары білімі және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар ел азаматтары қатыса алады. Өтініштер ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады, – деп атап өтті департамент басшысы.

Сондай ақ, нақты салалық бағыт бойынша әрбір өңірлік резервтегі қатысушылар санын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басым бағыттарына қарай облыстың кадр комиссиясы анықтайды.

  • Абай облысының кадр резервіне іріктеу белгіленген тәртіппен жүргізілетін болады. Басты назарда өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салалары болады. Білімді, еңбекқор, шығармашыл азаматтарды өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырамыз», – деді Нұрлан Дәулетқалиев.

Спикер кадрлық резервке іріктеу бойынша бірнеше кезеңдерді атап өтті: құжаттарды тапсыру, заңнамаға сәйкес тестілеу және жеке қасиеттеріне назар аудару, сондай-ақ уәкілетті орган жүргізетін құзырлы бағалаудан тұрады. Комиссия облыстық резервке қабылдау туралы шешім қабылдайды.

  • Іріктеуден өту үшін қатысушы ҚР жеке куәлігінің немесе паспортының, білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалар мен еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін ұсынуы қажет. Сонымен қатар, соңғы жұмыс орнының кадр қызметімен облыстық резервте болу мерзімі 2 жылды құрауы қажет,- деп қорытындылады спикер.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button