ҚазақстанҚоғамТОП

«Ұлттық қор – балаларға»: Келер жылдары есеп шотқа түсетін қаражат өседі

ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балалардың шотына аударылатын қаражатқа қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бүгін Сенатта тілшілер вице-министрден бұған дейін 18 жасқа толмағандарға 150-160 доллар түсетіні айтылғанын және неліктен қазір 100 доллардан түсіп жатқанын сұрады.

Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков осыған дейінгі есептеулер бойынша 160 доллар түсуі тиіс екенін растады.

«2022 жылғы Президент тиісті тапсырма берді. Сол уақыттағы есептеуге сәйкес, ол кезде балалардың саны 6 млн 400 мың болатын. Қазір еліміздегі балалардың саны 6 млн 900 мыңнан асты. Бөлініп жатқан қаражаттың сомасы 695 млн долларға жетті. Осы соманы 6 млн 919 мың 131 балаға бөлсек, сонда 100 доллар 52 цент шығады. Келер жылдары бөлінетін қаражат арта түседі», – деді Д. Темірбеков.

Сонымен қатар вице-министр 18 жыл ішінде баланың есеп шотында 3,5 мың доллар жиналатынын айтты.

«Қазір түсіп жатқан 100 долларға инвестициялық кіріс қосылады. Бұл қаражат есеп шотта құр жатпайды. Ал биыл 18 жасқа толатын балаларда 100 АҚШ долларын бүгіннен бастап тиісті мақсатта пайдалана алады», – деді ол.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button