ШҚОҚоғамПроисшествияТОП

Риддердегі өрт: ғалымдар ғарыштан түсірген фото арқылы талдау жасады

ҚазҰУ ғалымдары ғарыштық технологиялардың көмегімен Риддердегі орман өртінің салдарын саралап шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) орталығының мамандары апаттан кейінгі ахуалды бағамдады.

 

– 10-11 мамырда Риддер қаласы маңында болған орман өртіне Жерді қашықтан зондтау мәліметтерін негізге ала отырып талдау жасадық. Бұл ғарыштық түсірілімді серіктесіміз Қытай ғылым академиясына қарасты Аэроғарыштық зерттеулер институты ұсынып отыр. Қашықтан зондтау деректері үш кезеңде алынды: 2021 жылғы 9 мамырда – өртке дейін, 15-16 мамырда өрттен кейін. Мониторинг аймағы 10-14 мамыр аралығында бұлтты болғандықтан, деректер қолжетімсіз болды, – дейді Инжиниринг және жоғары технологиялар кластері бас директорының орынбасары Өміржан Тәукебаев.

Жоғарыда өртке дейін және өрттен кейін 9-шы және 15 мамырдағы суреттер көрсетілген. Орталық мамандары суреттің сары түспен белгіленген тұсы – бұл өртенген аймақ екенін түсіндіріп берді. Ал оның жалпы аумағы 242 гектарға тең.

Бұл фотолар 16 мамырда түсірілген. Ол шартты түспен синтезделген. Бұл суреттегі қызыл аймақ – өсімдік жабыны бар жерлер, ал күйген аймақ қара түспен ерекшеленеді.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button