
– Қандай балмұздақтар бар?
– Қымыздан, саумалдан, коладан және алмадан жасалған балмұздақтар бар.
Таңданысымызды жасыра алмай, сатушыларды сұрақтың астына алдық. Сатушылар – Берік пен Динара есімді ерлі-зайыптылар.
– Жалпы идея авторы кім?
– Кәсіпте жүргеніме 10 жылдай уақыт болып қалды. Бір күні ұлттық өнімді өндіру туралы ой келіп, жұбайым екеуіміз басқа да адамдардың ұсынысымен бастаған едік. Негізі қымыздан балмұздақты Семей қаласында Айдын Серікқазин деген адамның жасайтынын естіп сол адаммен келісімшарт жасаған едік.
– Бұл іспен шұғылданғалы қанша уақыт болды?
– Шамамен бір жарым жылдай болып қалды. Негізі жаз айларында сұраныс көбейеді.
– Осы шағын бизнестің арқасында қандай да бір жетістіктерге жеттіңіздерме?
– Жоқ, әлі бір үлкен жетістікке жеткен жоқпыз. Бұл жерде тұрып қырып-жойып көп қаржы таптық деп айта алмаймын. Бірақта маған барлығынан бұрын халықтың қабылдауы қатты ұнайды. Біз негізі қымызбен саумалдан өндіреміз, ал бұл жерде көбінде балалардың талғамына сай шырыннан жасалған балмұздақтар бар.
– Осы балмұздақтарды жасауға қанша уақыт кетеді?
– Әр кезде әр қалай. Таңнан кешке дейін отыратын кездер де болады.
– Бұдан басқа жерлерде сауда орындарыңыз барма?
– Ия әрине. «Frech market» және «Дос-нар» сауда үйінде бар. Онда тұрақты түрде сатамыз. Ал бұл жерге достарымыз ұсыныс білдерген соң бірінші рет шығып тұрмыз.
– Халық қалай қабылдап жатыр?
– Әр адам әрқалай қабылайды. Көпшілігі қымыз деген соң қызығады.
– Күнделікті қанша пайда түседі?
– Біздің ойымызша ол жағы құпия болып қалу керек. Бірақ барлығынан бұрын халықтың көзқарасы ұнайды. Соны айтқым келеді.
Клиенттер сәт-сайын көбейіп бара жатқанын көріп, сатушыға кедіргі жасамауды жөн көрдік. Бұдан кейін тұтынушылардың пікірін білгіміз келді.
– Сізге балмұздақ ұнады ма?
– Өте ерекше екен!
– Бұрын соңды мұндай балмұздақтың дәмін татып көрдіңіз бе?
– Жо-жоқ. Кездестірмедім. Бірінші рет көріп тұрымын.
– Сіз қандай дәмнен алдыңыз?
– Менде – қымыз дәмімен. Қатты ұнады! Бастапқыда қышқылдығы біртүрді көрінеді. Өйткені тәтті балмұздаққа үйреніп қалғанбыз ғой. Бірақ дәмін алған соң өте керемет екенін түсінесің.
Тұрғындардың лебізіне біз де қосыламыз. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлерге сәттілік тіледік.
Semey News