Семейде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен алаяқтықтың алдын алу бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратындаалаяқтықтың барлық түрін алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Жиынға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов,Семей қаласының прокуроры Азамат Уәлиев, Семей қаласы полиция басқармасының басшысы Қайрат Әбдіғалиев және тиісті сала басшылары мен өкілдері қатысты.
Жиын қалалық полиция басқармасының басшысы Қайрат Әбдіғалиев интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар бойынша баяндама берді.
«Өкінішке орай, киберқылмыс, оның ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Біздің облыста 2023 жылы іске қосылған «киберпол» пилоттық жобасы өз жұмысын атқаруда. Үш өңірде қылмыстық істерді сапалы тергеу үшін арнайы жедел-тергеу топтары құрылды. Олардың көмегімен инстаграм әлеуметтік желісіндегі аккаунттарға мониторинг жүргізіліп, 21 сайт пен мобильді қосымшалардағы 23 жалған хабарландырулар бұғатталды. ІІМ-нің киберқылмысқа, оның ішінде 2023-2025 жылдарға арналған телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының тармақтарын орындау шеңберінде осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралары жүргізілуде»,- деді Қайрат Әбдіғалиев.
Айта кетейік, 2023 жылы Семей қаласының 800-ге жуық тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болып, оларға 127 миллион теңгеден астам қаражат аударған.
Жиын қорытындысы бойынша Нұрбол Нұрсағатов қалалық әкімдіктің бөлім басшыларына хаттама негізінде тапсырмалар берді.
Семей қаласында 1-12 ақпан күндері полиция басқармасының ұйымдастыруымен жедел-профилактикалық іс-шара бастау алады. Барлық қала тұрғындарына алаяқтың арбауына түсіп қалмауларын сұрайды.
Semeynews.kz