ҚоғамСемейТОП

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті

Бүгін Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен жергілікті тауар өндірушілер мен қаланың көтерме саудагерлерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жәрмкеңкеге ұсынылған өнімдерді тамашалауға және қала тұрғындарымен дидарласуға қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

Жәрмеңкеге Абай облысының 20 азық-түлік өндіруші кәсіпорыны мен көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Ассортиментте жеміс-көкөніс, сүт, азық-түлік және ұн өнімдері бар, олар өндірушілер мен көтерме саудагерлер бағасымен сатылды. Сондай-ақ, сатып алушыларға концерттік бағдарламалар, қойылымдар ұсынылды.

Жәрмеңкеге өңіріміздегі бірқатар өнім өндірушілер қатысты. Атап айтқанда: ШҚ МКК” ақ, “Ай-Ар” ЖШС, “Восток бройлер” ЖШС, “Семей құс” ЖШС, “Семей береке “ЖШС,” Эмтрейд “ЖШС,” Зейтенов “ ш/қ, “Қалиханұлы” ш/қ, “Сайлаубаев”ЖК, “Тумар” ЖШС, “Семей “Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ, “Ермекова” ЖК (Қант орталығы), “Теңіз сыйлықтары” дүкені, “табиғи өнім” супермаркеті, “Наш мед”ЖК, “Медовик” ЖК, “Новиков”ЖК.

“Бұл жәрмеңкенің бір артықшылығы, тауарлардың көтерме бағада сатылуында. Осындай жәрмеңкелерді алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлаудамыз”,- деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысының орынбасары Жалғас Алимбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button