ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, 2024 жылы орындалатын жұмыстарды талқылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, ол аулаларды абаттандыру жөніндегі комиссия құруды және “Водоканал” МКК, “Теплокоммунэнерго” МКК және үйлердің басқарушы органдарының өкілдерімен бірге тұрғын үйлердің аулаларына тексеріс жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер хаттама түрінде бекітіліп, қала әкімінің бақылауына алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button