Көкпекті ауданында жер мәселесі қызу шешілуде
Көкпекті ауданында 2023 жылы жалпы ауданы 20 686,11 гектарды құрайтын 49 жер учаскесі жалға беру шарттарын бұзып, мемлекет меншігіне қайтарылған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2023 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесімен жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі, жануарлары жоқ 8 жер учаскесі анықталды. Анықталған жер телімдерінің жалпы көлемі 7529,2 га, оның 294,0 егістік, 42,0 шабындық, 7193,0 га жайылым, 0,2 га басқа жерлер. Мәліметтер ҚР Жер кодексінің 92-бабына сәйкес тексеру және мәжбүрлеп алып қою шараларын жүргізу үшін Абай облысының жер ресурстарын басқару басқармасына жолданды.
2024 жылы Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 10 мың гектар жерге тексеріс жүргізу және мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Жалпы ауданы 501,32 гектарды құрайтын 4 жер учаскесінің жалға беру шарттарын бұзғандығы анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 20 686,11 гектары жер, 441,32 гектары жайылымдық жер.
Semeynews.kz